ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАНДАРҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК - ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАНДАРҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК - ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
27.04.2024 13:56
18
0

«Шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі Үкімет қаулысын іске асыруда жергілікті атқарушы органдармен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау фактілерінің алдын алу, басқа да құқық бұзушылықтарды болдырмауда Түркістан қаласы бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында жергілікті –атқарушы органдармен осы бағытта бірігіп жұмыстар жасауда. Қазіргі таңда есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік көмек қажеттілігіне байланысты жеке бағдарлама толтырылып, жергілікті атқарушы органдарға жолданып, әлеуметтік көмек көрсетілуде. Пробациялық бақылау тағайындала отырып, бас бостандығын шектеу жазасына сотталған тұлғалар, сот үкімін орындау үшін пробация қызметіне есепке тұруға келген кезден бастап, пробация қызметінің инспекторы сотталғанның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделеуді жүргізеді.

Сондай-ақ, медициналық көмек мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылатын іс – шара болып табылды. Яғни, пробация қызметкерлері осындай іс-шараның өткізілуіне жәрдем жасайды. Ол үшін пробация қызметі сотталғанның мекен - жайы бойынша денсаулық сақтау мекемесіне жеке бағдарламаның көшірмесін жолдайды. Орта білімін аяқтамаған шартты түрде сотталған адамды тұрғылыұты жері бойынша білім беру мекемесіне жібереді. Құқықтық көмек алу үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін жергілікті атқарушы орагандарға жіберіледі.

Пробация қызметі қағидаларының бірі – сотталғандарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету болып табылады. Әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге әлеуметтік құқықтар жатады. Прбациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қою кезінде пробация қызметі денсаулық жағдайын анықтай отырып, оның жеке басын, оның білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын анықтайды. Сонымен қатар тұрғылықты жері бар – жоғы зерделенді. Сондай- ақ, әлеуметтік – құқықтық көмектің қай бағытта қажет етілетіндігі анықталады.

Осы мақсатта, Түркістан қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен Р.Сейтметов атындағы драма театрында Пробациялық есепте тұрған тұлғалар және олардың жанұя мүшелеріне “Қара шекпен” атты қойылым көрсетілді.
Үкімет қаулысын орындауда, шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында сотталушылардың қайта құқық бұзушылық жасауының алдын алу, қоғамдық өмірге қайта бейімдеу, олардың мәдени, әлеуметтік құқықтық жағдайын көтеру болып табылады. Мағыналас жұмыстар қала прокуратурасымен тұрақты түрде іске асырылуда. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, құқықтық мемлекет бола тұра, өзінің негізгі заңында құқықтық мемлекеттің негізгі ұстанымы заң және заңның алдындағы барлық азаматтардың тендігі деп белгілеген.

Өмірде қате басып, сүрінген жандардың өз ортасын табуында, осылайша мемлекеттің саналы азаматы болып қалыптасуына қолдау қажет. Сондықтан, оларды қайта дайындау, оқыту, үшін кәсіпкерлік тұрғыда көмектесу қажет. Оларға білім алуға, мамандық игеруге, жұмыспен қамтылуына, емделуге, сондай-ақ құқықтық, психологиялық  көмек көрсетуге жәрдемдесу  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік оңалтудың негізгі механизмі  болып табылады.

Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыстар жүргізу жалғасуда.

0 пікір