ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 24 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР САЛЫНУДА
ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 24 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР САЛЫНУДА
20.10.2022 18:18
29
0
Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан су басу қауіпі бар аумақтарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірінші кезекте (маңызды) ирригациялық жүйелерді орнатуды қажет ететін көшелер тізімі анықталды.
Бүгінгі таңда 19 жоба бойынша 24 көшеге жалпы ұзындығы 11,7 км ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Ирригациялық жүйелер орнатылатын көшелердің тізімі төменде жарияланған:
1. Сәуле ш.а Зерде көшесі
2. Сәуле ш.а Көксай-2 көшесі
3. Сәуле ш.а Ақмешіт көшесі
4. Сәуле ш.а Бөген көшесі
5. Сәуле ш.а Жеңістің 50 жылдығы көшесі
6. Сәуле ш.а Жаңабазар көшесі
7. Сәуле ш.а Тұмарлы көшесі
8. Бадам ш.а Таусамалы көшесі
9. Бадам ш.а Қажымұқан көшесі
10. Бадам ш.а Қарабастау көшесі
11. Бадам ш.а (Тобыл көшесі, Балдаурен көшесі, Айкөл көшесі)
12. Бадам ш.а Макаренко көшесі
13. Бадам ш.а(Забадамский көшесі, Абат көшесі)
14. Бадам ш.а Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы
15. Ескі қалашық (Шымкентский көшесі, Хаят көшесі, Амангелды көшесі)
16. Көк сай-1 Анарова көшесі
17. Шәймерденов көшесі мен С.Азимов көшелерінің қиылысына
18. Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысына
19. Республика даңғылы 19б үй аумағынан Қошқар ата өзеніне дейін.
Айта кетейік, 2023-2025 жылдар аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы 31 мекенжайға ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізіледі. Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында, 2021 жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеу орын алды. Су басудың алдын-алу бойынша бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і Қызғалдақ көшесінде жұмыстар жүргізуде. Қалған 31 мекенжайға арық орнату 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.


0 пікір