ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛУДА
ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛУДА
03.11.2022 12:53
55
0
Шымкент қаласының әлеуметтік саладағы оң динамикасын аңғарған республикамыздың өзге облыстарынан әлеуметтік сала мамандары арнайы келіп, жұмыс методикасымен танысуда.
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова айтты.
– Мегаполисіміздің әлеуметтік саладағы методикасын өзге өңірлерден келіп мамандар үйренуде. Бұл – істеліп жатқан жұмыстың өзгелерге пайдасы тиіп жатса әрине қуанамыз. Аталған басқармаға қарасты он төрт әлеуметтік қызмет көрсететін орталық бар. Халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру мақсатында мемлекет тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, басқармаға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді, - деді Балмаржан Полатқызы.
Спикердің мәлімдеуінше, жыл басынан бері Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Түркістан облысының аудандарынан әлеуметтік сала бойынша басқарма қызметкерлері іс-сапармен келіп, «Бақытты жанұя», «Тең қоғам», «Белсенді өмір сүру» мекемелерінің жұмысымен танысқан. Аталған орталықтар салалық бағыттар бойынша жұмыс жасайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар (1 орталық, 2 бөлімше). Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат, ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін алады.
2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жеткен. Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы болса, тұз кеніші (солева шахта), АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар.
0 пікір