ШЫМКЕНТ : АҚЫСЫЗ АДВОКАТ ҚЫЗМЕТІ АРНАЙЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ШЫМКЕНТ : АҚЫСЫЗ АДВОКАТ ҚЫЗМЕТІ АРНАЙЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
31.03.2022 11:10
87
0
Бұл туралы  Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Айнұр Исабекова мәлімдеді.
– Адвокаттың немесе заң кеңесшінің көмегіне арнайы ақпараттық жүйе арқылы 3 835 азамат жүгінді. Қызметті алушылар www.eup.kz сайтына кіріп, «қызметтер» бөлігін таңдап, «заңгерді табу» бағанасы арқылы қажетті критерийлерді толтырып, «менімен байланыс» сілтемесіне өтіп, онлайн кеңеске жүгінуіне болады. Бұл хат алмасу түрінде көрсетіледі, - деді спикер.
Баспасөз жиынында Айнұр Ақжігітқызы бұл қызметке жүгіне алатын тұрмыс жағдайы төмен және кейбір санаттағы азаматтар туралы да айтып өтті.
Бұл ретте ақысыз құқықтық қызметтер кешенді әлеуметтік заң көмегі түрінде немесе мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында көрсетілуі мүмкін.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі ерікті түрде өтеусіз заң көмегін көрсету шартына сәйкес:
- Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға;
- Бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге;
- Жасына байланысты зейнеткерлерге;
- Жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетіледі.
Сонымен қатар кешенді әлеуметтік заң көмегін адвокаттар және тиісті палаталардың мүшесі болып табылатын заң кеңесшілер ұсына алады.
Ал, мемлекет кепілдік берген заң көмегін адвокаттар әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға, күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталушыларға, сотталғандарға, ақталғандарға және жәбірленушілерге көрсетеді.
Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
 
 
 
 
 
0 пікір