ШЫМКЕНТ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫН
ШЫМКЕНТ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫН
17.03.2022 10:37
76
0
Бүгінгі таңда көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінетін жанармайды таратушы операторлар анықталып, көктемгі дала жұмыстарына шаруалардың өтінімдеріне сәйкес жеңілдетілген бағамен литріне 189-теңгеден 134 тонна жанар жағармай босатылды.
Биылғы жылы егістік алқаптардағы өнімділікті арттыру мақсатында минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына - 122 146,0 мың теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген.
Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникалары, атап айтқанда, тракторлар 95 %, тұқым сепкіштер 91 %, жер қопсытқыштар 92,9 %, топырақ өңдейтін агрегаттар 94,2 % дайын.
2021 жылы ауыл шаруашылығы техникасының паркі 10 дана жаңа тракторлармен жаңартылды, оның ішінде 7 данасы отандық техника .
Жалпы былтырғы жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 44,1 млрд.теңгеге жетіп, еңбек өнімділігі 1 жұмысшыға шаққанда 4,5 млн.теңгені құрайтын болады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер астық тұқымдарымен толық қамтамасыз етілген, сонымен қатар «Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-інде тұқымның жалпы 107,7 тонна (оның ішінде бидай тұқымы – 79,5 тн., арпа – 28,2 тн.) қоры бар.
0 пікір