ШЫМКЕНТ: АВТОБУСТАРДА ДЫБЫСТЫҚ ХАБАРЛАУ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР
ШЫМКЕНТ: АВТОБУСТАРДА ДЫБЫСТЫҚ ХАБАРЛАУ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР
30.07.2025 10:24
15
0

Бүгінде шаһарымызда 82 бағыт бойынша 1120 автобус халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетіп келеді. Аталған салада 11 көлік компаниясы жолаушылар тасымалымен айналысуда.

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында аялдама атауларын дыбыстық хабарлау жүйесін кезең-кезеңімен орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама жеке инвестор – «Smart Mobility» ЖШС-нің қолдауымен іске асырылуда.

Қазіргі таңда дыбыстық хабарлау жүйесі 1003 автобуста орнатылып, жолаушыларға сапалы әрі ыңғайлы қызмет көрсетіліп отыр. Жыл соңына дейін қалған 4 компанияға тиесілі 117 автобуста да бұл жүйе толық енгізілмек.

2025 жылдың соңына дейін аялдамаларды дыбыстық хабарлау жүйесі барлық автобустарға 100% орнатылады деп жоспарлануда.

Бұл жаңашылдық қала қонақтарына бағыт бағдарды оңай табуға үлкен септігін тигізбек.

0 пікір