ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ
ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ
17.03.2022 10:35
104
0
Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абунасыр Жанбатыровтың қатысуымен Ақпараттық-коммуникациялық орталықта көктемдегі егіс науқанына дайындық барысы туралы брифинг өтті.
«Биыл егіс көлемін 29,8 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,5 мың га, ал 2019 жылмен салыстырғанда 1,9 мың гектарға артық. Егіс көлемінен ағымдағы жылы 90,1 мың т. өнім жиналады деп күтілуде. 2022 жылы көктемде қала бойынша 2,5 мың га. алқапқа жаздық дәнді дақылдар егіледі. Сонымен қатар, 10,4 мың га. күздік дәнді дақылдар алқабы егісі барын ескерсек, жалпы дәнді дақылдар егісі 13,0 мың га. алқапты құрайтын болады». - деді Абунасыр Шарифуллаұлы.
Спикердің сөзінше, биылғы жылы жоспарланған 29,3 мың га.. егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін болады.
Оның ішінде, дәнді дақыл - 12,9 мың, майлы дақыл - 3,8 мың, мал азықтық дақылдар - 8,9 мың, көкөніс пен бақша өнімдері - 3,0 мың, картоп - 0,7 мың гектарға егіледі. Нәтижесінде 85,4 мың тонна өнім жиналды деп күтілуде.
Сондай-ақ қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 9 жылыжай кешені салынып, жалпы жылыжай көлемі 204 га. жетеді.
0 пікір