​Шымкент: Дәрігерлер сақтық шараларын ұстану қажеттігін ескертеді
​Шымкент: Дәрігерлер сақтық шараларын ұстану қажеттігін ескертеді
10.09.2020 09:39
213
0

     Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 науқас тіркелді. Ал, емханалар жанынан құрылған мобильді топ тәулік ішінде 100-ге жуық тұрғынның үйіне барып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететкен.

    Сондықтан медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады. Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5 182 жағдайы тіркелді.        Оның ішінде 2 642-сі – симптомды, 2 540-ы – симптомсыз жағдай. Бүгінгі күнге дейін 4 498 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Қазіргі таңда 622 адам емделіп жатыр, оның ішінде 6 тұрғын стационарға жатқызылған.                Бүгінде қаладағы провизорлық және инфекциялық стационарларда 400 төсек-орын болса, оның 67 пайызы бос тұр.
 

Дереккөз:ERNUR.KZ

0 пікір