ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ КЕЗЕКТІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯНЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулығында ақау жоқ.
Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.
Көп оқылғандар
Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі тағайындалды
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҰРАҚТЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады
ШЫМКЕНТТЕ 90 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ