ШЫМКЕНТ: «GraMad» сауда орталығының тағы бір нүктесі ашылды
ШЫМКЕНТ: «GraMad» сауда орталығының тағы бір нүктесі ашылды
09.11.2022 14:38
73
0
Шымкент қаласы Тұран шағынауданында жаңадан ашылған "Gramad" супермаркеті әлеуметтік маңызға ие азық-түлікті арзандатылған бағамен сатып жатыр, деп хабарлайды dabylinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін Шымкент қаласы Тұран шағынауданында «GraMad» сауда желісінің кезекті супермаркеті ашылды. Бұл аталған компанияның қаладағы 18-ші сауда нүктесі.
—Шымкент қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қор азық-түлік тауарларын өндірушілер мен ірі сауда желілеріне айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген несие береді. Өз кезегінде сауда желілері әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларын келісімшарт негізінде белгіленген баға бойынша сатады. Міне, осындай келісімшартпен жұмыс істеп жатқан компаниялардың бірі — «GraMad» сауда желісі. Бүгін тұрғындар саны жедел көбейіп келе жатқан Тұран шағынауданында кезекті, 18-ші сауда нүктесі ашылды. Компания жыл соңына дейін тағы да осындай 4 супермаркет ашуды жоспарлап отыр, — дейді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков.
«GraMad» көтерме тарату орталығы - Шымкенттегі делдал қызметінсіз өндіруші өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынатын бірден-бір орталық. Бұл өз кезегінде бағалардың тұрақтылығына жағымды әсер етіп, жергілікті ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік береді. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында кешенде әлеуметтік тауар түрлері бекітілген бағада тұрақты түрде сатылымға шығарылады.
Сауда орталығында әлеуметтік маңызға ие тауарлар белгіленген, яғни, арзандатылған баға бойынша сатылып жатыр. Мәселен, 1 келі күрішті - 290 теңгеге , шекерді – 460 теңгеге, бірінші сұрыпты ұнды – 170 теңгеге, пиязды - 100 теңгеге, ал, картопты 90 теңгеге алуға болады.
 
 
 
 
0 пікір