ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ КАРТИНГТЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ ⁣⁣⠀
ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ КАРТИНГТЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ ⁣⁣⠀
18.10.2022 20:02
42
0
Шымкент қаласында алғаш рет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Rafe» мейрамханасының қолдауымен картинг спорттық жарысы «Jas Team Kart» жобасы аясында өтті. ⁣⁣
«Sport Villa» ойын-сауық кешенінде өткен турнирге жоғары оқу орындарынан 35 қатысушы жиналды. ⁣⁣⠀⠀
Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ұлжан Төленнің айтуынша, жарысты ұйымдастырудағы мақсат – студент жастардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылдануға жол ашу, олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыруға және спорт саласын жастар арасында кеңінен насихаттау. ⁣⁣⠀
—⠀Қазіргі студенттердің сабақтан тыс уақытта спортпен айналысуға мүмкіндігі болмай жататынын аңғардық. Осыған байланысты оларды спортқа тартып, уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген спорт түрін ұйымдастырудамыз. Соның бірі бүгінгі «Jas Team Kart» жобасы аясында өткен картинг спорттық жарысы. Аталған жоба жастардың көңіл күйін көтеріп қана қоймай, денсаулығын да нығайтатыны анық. Осындай ойынға демеушілік көрсеткен «Sport Villa» ойын-сауық кешені және «Rafe» ресторан басшысына өз алғысымызды білдіреміз, - деді ол. ⁣⁣
Бүгінгі өткен спорттық жарысына 7 команда өзара сайысты. Ойынның шарты бойынша қатысушылар 3 айналымды еңсеріп, 5 минутта мәреге жету керек. —⠀Бүгінгі картинг спорттық жарысына ОҚМПУ студенттерінің арасынан команда жасақтап келген болатынбыз. Осындай керемет жарысқа⠀бірінші рет қатысып, сайысқа түстік. Ойын барысында жаңа орта тауып, спорт саласына өз үлесімізді қостық деп ойлаймын. Тартысты ойынға қатысуымызға мүмкіндік берген Жастар ресурстық орталығына студенттердің атынан алғыс айтамын, – деді ОҚМПУ студенті Бақберген Мұратұлы.⁣⁣⠀
Жарыс жолында тартысты ойын көрсеткен шеберлер орталық басшысының арнайы дипломымен және кубоктарымен марапатталды. ⁣⁣⠀⠀
Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық іс-шаралар мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген ойын түрлерін өткізу жоспарланған. ⁣⠀⁣⠀
Айта кетейік, бүгінгі жарыста бірінші болып мәреге жеткен Онтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері. Ал,екінші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастарты иеленсе, үшінші орынға Жұмабек Тәшенев атындағы университетінің түлектері жайғасты. ⁣⁣⠀
⁣⁣
0 пікір