ШЫМКЕНТ - ЖАСЫЛ АЙМАҚТА
ШЫМКЕНТ - ЖАСЫЛ АЙМАҚТА
02.03.2022 10:49
103
0
Шымкент қаласында 1 наурыз күні 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Екеуі де инфекциялық стационарға жатқызылды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 194 орын бар, төсек орын толымдығы 6,7 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 13 науқас, жансақтау бөлімінде 1 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 298 адам вакцина алды
(I компонент- 109, II компонент-189). Егу науқаны басталғалы барлығы
599 190 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 587 176 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 57 591 адам, II компонентін 38 059 адам қабылдады.
149 130 адам ревакцинацияланды.
0 пікір