ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 94,7 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК
ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 94,7 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК
27.10.2022 18:31
57
0

Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшылары мәлімдеді. Жуырда Көкбұлақ елдімекеніне табиғи газ құбыры жеткізілді. Жауапты мамандардың мәліметінше, шаһарда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Жоспар бойынша 2023 жылы қала тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілсе, 2024-2025 жылдары газ және электр қуатымен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайыз болады.

– Көкбұлақ елдімекеніне табиғи газ құбырын жеткізу жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінге дейін 16,1 шақырым газ құбыры тартылып, жоспар толығымен орындалды. Қазіргі уақытта магистралды құбырға газ беріліп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы тарапынан абоненттеу жұмыстары басталды, – деді басқарма басшысы Боранбай Болатбеков.

Айта кетейік, бүгінде мегаполис тұрғындарының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Жыл соңына дейін, Тұран, Ақтас-1, Ақтас-2, Нұртас, Батыс, Сәуле-276 орам, Ақжар және Арғымақ елді мекендеріне табиғи газ желісі жеткізіліп, көрсеткіш 94,7 пайызға жетеді деп күтілуде. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда мегаполис тұрғындарының 93% табиғи газбен қамтылған. Жыл соңына дейін, “Тұран”, “Ақтас-1”, “Ақтас-2”, “Нұртас”, “Батыс”, “Сәуле-276” орам, “Ақжар”, “Арғымақ” елді мекендеріне табиғи газ тартылып, көрсеткіш 94,7%-ға жетеді. Осының нәтижесінде 34 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылатын болады. Сонымен қоса, республика күніне орай, Шымкенттің “Абай” ауданына қарасты “Жаңаталап” елді мекеніндегі подстанция іске қосылды. Енді жергілікті 1361 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысып, жергілікті халықтың қуанышына ортақтасты. Берілген уәденің уақытылы орындалғанына дән риза халық әкімге алғысын жаудырды. Жаңаталапқа 42,190 шақырым электр желісі тартылып, 21 трансформатор мен 1312 бағана орнатылған. Тұрғындар электр қуатын бүгінге дейін жекеменшік желіден тұтынып, әр кВТ үшін 27-30 теңге аралығында төлем жасап келген. Енді олар бұрынғыдан қарағанда тиімді бағамен, яғни 17,9 теңгемен төлем жасайтын болады.

 

0 пікір