
«Даму» Қоры биыл микро, шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелейтін «Өрлеу» атты жаңа бағдарламаны іске қосылды.
«Өрлеу» бағдарламасы отандық өндірістің шикізаты мен тауарларын пайдалануды көздейтін жобаларды қолдауға бағытталған.
Шарттары:
Қарыздың максимал сомасы:
инвестицияға — 7 млрд теңгеге дейін
3,5 млрд теңгеге дейін — айналым қаражатын толықтыруға;
Сыйақы мөлшерлемесі — жылына 12,6%-дан аспайды;
Мерзімі: инвестицияға 10 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін, артылған сома – қайта қаржыландыруға бөлінеді.
«Өрлеу» бағдарламасы өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау сияқты экономиканың басым секторларына жеңіл несие беру арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды көздейді.
Осы бағдарлама туралы және басқа мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz веб-сайтынан және Шымкент қ. Қонаев даңғ., 95/1 ғим., немесе +7 (7252) 99-70-49 нөмірі арқылы алуға болады.