ШЫМКЕНТ: КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
ШЫМКЕНТ: КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
17.03.2022 10:32
83
0
Ақпараттық – коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары –жасақтау басқармасының бастығы – полковник Әжімұхан Шынтаев азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру тәртіптері туралы айтты.
Былтырғы жылы Шымкент қаласынан мерзімді әскери қызметке 1500-ге жуық азамат шақырылды. Биыл көктемгі шақыру науқанында 700-ден астам азамат әскери борышын өтеуге жолданады.
Мерзімді әскери қызметін өтеуге жататын әскерге шақырылушылар жергілікті әскери басқару органдарының шақыртуы бойынша аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясынан өту пунктіне келеді.
Ұйымдардың басшылары азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде оларды медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақырылуға жататын азаматтарды демалыстардан шақыртып алады, оларды хабардар етуді ұйымдастырады және әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуін қамтамасыз етеді. Шақыруға жататын азамттарға медициналық тексеруден өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) орташа жалақысы, ал мерзімді әскери қызмет ету кезеңіне жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
«Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде әскери қызметке шақырылудан жалтарғандарға келесідей жазалардың бірі қолданылады: 1000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, бір жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру.
Азаматтарды әскер қатарына жөнелту алдын қалалық жиын пунктінде үш тәулік бойы команданы жасақтау жұмыстары жүргізіледі. Жасақтау күндері шақырылушылар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
0 пікір