ШЫМКЕНТ КӨШ БАСТАП ТҰРҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА
ШЫМКЕНТ КӨШ БАСТАП ТҰРҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА
11.10.2022 21:43
25
0

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өтті.

• Өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр.
• Инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 80,3 млрд.теңге, жеке көздерден 247,6 млрд.теңге.
• Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге немесе 139,7 пайызды құрады.
• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды.
• Жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз.
• Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты.
• Байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені немесе 4,6 пайызға артты.

Айта кетейік, Шымкент қаласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылдың 8 айында 201,1 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,9 пайызға артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның құрылымында жекеменшік инвестицияның үлесі 72 пайыз болса, мемлекеттік инвестицияның үлесі – 28 пайызды құрайды. Соңғы 4 жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскен. Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 млрд. теңгеден 785,4 млрд. теңгеге ұлғайды. 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған. Инвестиция тарту бойынша Шымкент 2021 жылдан бері елімізде көш бастап келеді. Сонымен бірге 2,6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, оның 1 миллионы өткен жылы берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Сонымен қоса, 2022 жылға бюджет көлемі 573,7 млрд. теңгені құрады. Оның 47 пайызы әлеуметтік салаға бағытталса, 21 пайызы даму жобаларына бөлініп отыр. Бюджет қаражатын ұлғайту арқылы қаладағы біршама өзекті мәселелер шешімін табуда.


0 пікір