ШЫМКЕНТ: МИКРО, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ ҚОЛДАУ
ШЫМКЕНТ: МИКРО, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ ҚОЛДАУ
24.06.2025 17:52
20
0

«Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге 7 миллиард теңгеге дейінгі қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 12,6%.

Қаржы келесі мақсаттар үшін беріледі:
- инвестициялық жобаларды жүзеге асыру
- айналым қаражатын толықтыру
- бұрын алынған несиелерді қайта қаржыландыру

Толық ақпаратты кәсіпкерлер Ерімбетов көшесі, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығына келіп ала алады.

0 пікір