ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР АЛУДЫҢ БІРІНШІ ЛЕГІНЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ.
ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР АЛУДЫҢ БІРІНШІ ЛЕГІНЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ.
31.03.2022 11:50
117
0
Шымкент қаласында ұлттық жоба шеңберіндегі қайтарымсыз грантқа өтініш берудің бірінші легі басталды. Өтінім биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап қабылданады.
Өтінім беруге 2019-2021 жыл аралығындағы «Бизнес бастау» оқу курсынан сертификат алған азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ, өтінімді қабылдау «Business.enbek.kz» порталында онлайн түрде цифрлық қолтаңба (ЭЦП) сатысында жүзеге асады. Грант мөлшері - 400 АЕК ( 1 225 200 тг дейін) құрайды.
Гранттың I -ші легіне төмендегі санаттағы жұмыссыз азаматтар өтінім бере алады:
- жеке кәсіпкерлер (мерзімі бір жылдан кем);
- жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- көп балалы отбасы мүшелері;
- қандастар, қоныс аударғандар;
- мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және (немесе) мүгедектер;
- жұмыссыз жастар (29 жасқа дейін) қатыса алады.
Айта кетейік, өзгерістерге байланысты, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту курстары уақытша тоқтатылды. Курс жөнінде толық ақпарат халықты жұмыспен қамту орталығының ресми парақшаларына жарияланады.
0 пікір