ШЫМКЕНТ: ҚАЛА КҮНІНДЕ ҮШ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ШЫМКЕНТ: ҚАЛА КҮНІНДЕ ҮШ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20.06.2025 17:39
26
0

 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен үш өндіріс орны жұмысын бастады. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «BIK Kanc» ЖШС А4, А3 форматтағы қағаз өндірісі, ЖК «ZeineP» дезинфекциялық құралдар өнідірісі және «Жұлдыз» индустриялық аймағында орналасқан «Sauran Bricks» ЖШС автоклавты газды бетон өндіретін жаңа зауыт іске қосылды.

А4, А3 форматтағы қағаз өндірісінің құны 500 млн теңге, жылына 3,5 млн қағаз қаптамасын өндіреді. Жоба аясында 35 жұмыс орны құрылады.

Ал жылына 10 мың тонна дайын өнім шығаратын
«ZeineP» кәсіпорнында 80 адам жұмыс істейді.
Өнімдерді ішкі нарыққа сату, ТМД елдеріне экспорттау жоспарлануда.

 «Sauran Bricks» ЖШС автоклавты газды бетон өндірісі инвестициялық жобасы Оңтүстік өңірін сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр. Зауыттың жалпы инвестициялық құны 7,8 миллиард теңгені құрайды. Зауыт толық қуаттылықпен іске қосылғаннан кейін үш ауысымда 150 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 мың м³, (күніне 555 м³ немесе айына 16 500 м³) өнім шығаруға мүмкіндік береді.

 Жобаны іске асыру үшін «Жұлдыз» индустриялық аймағынан 5,2 гектар жер телімі бөлінген. Қазіргі уақытта зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, қытайлық KEDA компаниясының заманауи, автоматтандырылған технологияларына негізделген құрал-жабдықтар орнатылған. Бұл өнімділікті арттырып, сапаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаның іске асуы құрылыс индустриясының дамуына, импортты алмастыруға, сапалы және қолжетімді құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге, өңірлік экономиканың жандануына елеулі үлес қосады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір