ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
01.04.2022 12:39
203
0
Кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиевтің жетекшілігімен өткен жиында қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Шағдат Әсет пен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайрат Базарбеков күн тәртібінде қаралған тұрғындарды жұмыспен қамту және азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндама жасап, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді.
Отырысқа қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов қатысты.
Құрамы абыройлы ақсақалдар мен этномәдени бірлестік мүшелерінен жасақталған Қоғамдық келісім кеңесі қалалық ҚХА жанында қоғамдық негізде әрекет етеді.
2019 жылдан бері кеңесте – Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы, бюджетті тиімді пайдалану, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, тұтынушылардың құқығын қорғау, қайырымдылықты үйлестіру, медиация қызметін жүйелендіру, тараптарды татуластыру сынды маңызды мәселелер қаралды.
Былтыр кеңес тарапынан 35 ұсыным айтылып, оның 22-сі шешімін тапты. 13 ұсынымның орындалуы қоғамдық бақылауға алынды.
Қалалық ассамблея жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың құрамына енген кеңес мүшелері биыл этнос өкілдері жинақы тұратын 23 тұрғын алапта өткен кездесулерге қатысып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің негізгі функциясы – жалпыұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық бақылауды дамытуға көмектесу, этносаралық шиеленістің туындауына мүмкіндік беретін жағдайлардың алдын алу және қоғам тұрақтылығына ықпал ететін маңызды мәселелер бойынша тыңдаулар өткізіп, ұсынымдар әзірлеу.
 
 
 
 
 
 
 
 
0 пікір