​Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы тағайындалды
​Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы тағайындалды
24.08.2020 12:55
220
0

     Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Әлжан Әлішерұлы 1971 жылы туған. Мамандығы - заңгер-оқытушы. Ол 1992 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде үздіксіз әскери қызметте болған. Кейіннен Астана қаласындағы «ITS Security Group» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппараты терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның басшысы лауазымында қызмет атқарған.
 

Дереккөз: ERNUR.KZ

0 пікір