Шымкент қаласында бөлшек салық мөлшерлемесі “Ақ жол” партиясы депутаттарының бастамасымен төмендетілді
Шымкент қаласында бөлшек салық мөлшерлемесі “Ақ жол” партиясы депутаттарының бастамасымен төмендетілді
09.10.2024 12:55
169
0

 Шымкент қаласында кәсіпкерлік секторын қолдау мақсатында бөлшек салықтың арнайы режимі бойынша салық мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілді. “Ақ жол” партиясының бастамасымен және депутаттардың сауалдарының арқасында бұл өзгеріс жүзеге асырылды, шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды.

 

Салықтық жеңілдіктер кәсіпкерлердің қаржылық ауыртпалығын жеңілдетуге және олардың бизнестерін дамытуына ықпал етеді. Партия жетекшілері атап өткендей, қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпкерлерге қолдау көрсету және бәсекелестік ортаны жақсарту үшін бұл бастама өте маңызды.

 

“Біз халықтың әл-ауқатын арттыруға және бизнесті дамытуға бағытталған шараларды әрдайым қолдаймыз. Депутаттардың сауалдары нәтижесінде қабылданған жаңа салық мөлшерлемесі нарықтағы кәсіпкерлер үшін оң өзгерістер әкелетініне сенімдіміз”, - деді “Ақ жол” ҚДП Шымкент қалалық филиалының фракция жетекшісі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Исламбек Насруллаұлы.

 

 

0 пікір