ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕСКІРГЕН МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРЫП, ЗАМАНАУИ КЕЙІПКЕ ЕНУДЕ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕСКІРГЕН МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРЫП, ЗАМАНАУИ КЕЙІПКЕ ЕНУДЕ
10.07.2025 17:09
18
0

Шымкент қаласында білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Қазіргі таңда Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясында жүргізіліп жатқан күрделі құрылыс жұмыстары – соның жарқын дәлелі.

Аталған білім ордасының жаңарту жұмыстары 2024 жылдың наурыз айында басталған болатын. Бүгінде құрылыс қызу қарқынмен жүріп жатыр. Жауапты мердігер ұйымның өкілдерінің айтуынша, барлық жұмыс жоспарға сәйкес атқарылуда және белгіленген мерзімнен кешігу қаупі жоқ. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектеп толығымен пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Мектептің жаңа кейіпке енуі – тек ғимараттың жаңаруы ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен ұстаздар үшін заманауи, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасының қалыптасуы. Бұл өз кезегінде оқыту сапасына оң әсер етіп, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жол ашады.
Жаңартылған мектептер – Шымкент қаласының болашағына салынған инвестиция. Қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асып жатқан мұндай жобалар білім беру саласын жаңғыртуға, оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясының қайта жаңғыруы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.
Болашақ – білімді ұрпақтың қолында. Ал оларды қолайлы, заманауи ортада тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның басты міндеті.

0 пікір