
Шымкент қаласының аумағында орналасқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы ірі өндірістік жоба болып табылады. Тұтастай интеграцияланған алғашқы химия зауыты – «SHYMKENT CHEMICAL COMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі метил-трет-бутил эфирі (МТБЭ) және ұнтақты полипропилен өндіреді.
Аталған жоба еліміздің отандық өндірісін дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Метил-трет-бутил эфирі – жанармайдың октан санын арттыратын, оттек қоспасын қамтамасыз ететін қосалқы компонент. Ал ұнтақты полипропилен – қаптамалық контейнерлер мен құбырлар өндіру үшін пайдаланылатын жоғары сұранысқа ие полимерлік шикізат.
Жобаның жалпы құны – 11 миллиард теңге. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 120 мың тонна метил-трет-бутил эфирін өндіруге мүмкіндік береді. Өндіріс орны 10,6 гектар жер аумағын қамтиды. Іске қосылғаннан кейін зауытта 133 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.
Аталған өндіріс нысаны Шымкент қаласының экономикалық әлеуетін арттырумен қатар, өңірдің индустриялық-инновациялық дамуына серпін беріп, импортты алмастыратын өнімдердің отандық нарықта қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.