
Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталып, құрылыс саласына аса қажет өнім – жоғары сапалы газоблоктарды өндірумен айналысады.
Бұл зауыттың ерекшелігі – өндірістік процестің толық автоматтандырылғаны және өнім сапасына қойылатын талаптардың жоғары деңгейде орындалуы. Газоблоктар – жылу оқшаулағыш қасиеттерімен, беріктігімен және экологиялық тазалығымен ерекшеленетін құрылыс материалы.
SAURAN BRICKS өнімдері қазіргі таңда еліміздегі құрылыс нарығы үшін үлкен маңызға ие. Отандық өндірістің дамуы – импортқа тәуелділікті азайтып, отандық құрылыс компаниялары үшін тиімді әрі сенімді балама ұсынуға мүмкіндік береді.
Зауыттың жұмыс барысы мен өндіріс процесінің толық көрінісін арнайы дайындалған бейнематериалдан көруге болады. Онда технологиялық желілер, қызметкерлердің кәсіби іс-әрекеті және өнім сапасына қатысты барлық маңызды ақпарат егжей-тегжейлі көрсетілген.
Отандық өндірісті қолдайық – сапалы құрылысқа сенімді негіз қалайық!