Шымкент қаласындағы ірі өндіріс орындарының бірі – «Stroi Construction» зауыты
Шымкент қаласындағы ірі өндіріс орындарының бірі – «Stroi Construction» зауыты
25.06.2025 17:14
12
0

Бұл кәсіпорын көшелерді жарықтандыру бағаналарын өндірумен айналысады. Қазіргі таңда зауытта 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның жалпы құны – 500 млн теңгені құрайды.

Айта кетерлігі, бұл зауыттың өнімдеріне бүкіл Қазақстан бойынша жоғары сұраныс бар. Яғни, Шымкентте жасалған сапалы тіректер бүгінде еліміздің әр өңіріндегі көшелердің жарық жүйесін қамтамасыз етіп отыр.

Stroi Construction – отандық өндірістің дамуына серпін беріп қана қоймай, инфрақұрылымды заманауи әрі қауіпсіз етуге үлес қосып отырған ірі кәсіпорындардың бірі.

0 пікір