Шымкент қаласындағы Нашақорлыққа қарсы штабтың алғашқы отырысы өткізілді
Шымкент қаласындағы Нашақорлыққа қарсы штабтың алғашқы отырысы өткізілді
08.04.2025 11:30
47
0

Ағымдағы жылы 31 наурызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлы Кәрімовтің төрағалығымен Шымкент қаласындағы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында Штаб мүшелері бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Есірткі қылмыстары үшін жазасын өтеп шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу, есірткімен байланысты қылмыстар бойынша есептегі тұлғаларға пробациялық бақылау жүргізу жұмыстарының барысын», «Фармацевтикалық қызмет субъектілерінің арасында препараттарды рецептсіз сатудың алдын алу шаралары және оларды заңсыз сату фактілерін анықтау жұмыстарын», және «Нашақорлық пен есірткі қылмыскерлігінің профилактикасы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру нәтижелері туралы» өзекті мәселелерді талқылап, нәтижесі бойынша бірнеше ұсыныстар әзірледі.
Отырыс қорытындысы бойынша Штаб төрағасы есірткі қылмыстары үшін жазасын өтеп шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу үшін әзірленген жоспарларды орындауды қатаң бақылауды, медицина қызметкерлерінің кеңесіне жүгінбей, өз бетінше емделу жағдайының қауіпті салдарлары туралы қала тұрғындарын барынша ақпараттандыру жұмысын жүргізуді, «көңілді газ» азот оксиді толтырылған шарлардың және басқа да инертті газдарды қолданудың қауіпті жағдайлары туралы көңіл көтеру орындарының меншік иелеріне түсіндіру жұмысын өткізуді, білім беру ұйымдарында өткізілетін нашақорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына құқық бұзушылыққа бейім және уәкілетті органдардың арнайы есебіне алынған балаларды қатыстыру мәселесін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

0 пікір