Шымкент қаласындағы «NURTAU Distribution Company» – Қазақстанның кондитерлік өнеркәсібінде қарқынды дамып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі
Шымкент қаласындағы «NURTAU Distribution Company» – Қазақстанның кондитерлік өнеркәсібінде қарқынды дамып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі
16.07.2025 10:02
17
0

2019 жылы іске қосылған зауыт заманауи технологиялармен жабдықталып, бүгінде ішкі нарықпен қатар, шетелге де өнім экспорттап отыр.

 

Өнім түрлері – шоколад, печенье, сағыз, чипс, сусын және дәстүрлі науат өнімдері.

«MEXXI» және «DIAMOND» секілді брендтер нарықта танылып үлгерді. Компания өнімдерін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі төрт мыңнан астам сауда нүктесіне жеткізеді, ал экспорт бағыттары қатарында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Татарстан да бар.

 

Зауытта 200-ге жуық адам еңбек етеді.

 

«NURTAU» бүгінгі таңда Шымкенттің ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы боларлық сапалы, отандық кондитерлік өнімдерді өндіруде алдыңғы қатарда тұр.

0 пікір