ШЫМКЕНТ: ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ЗАУЫТ ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін қытайлық инвесторлармен кезекті кездесу өтті. Кездесу барысында шыны, шыны есіктер, паркет жабындары және бамбук панельдерін өндіруге маманданған төрт зауытты іске қосу жобасы таныстырылды.
Аталған жобалар құрылыс материалдарын жергілікті деңгейде өндіруге мүмкіндік беріп, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта инвесторлар эскиздік жобаларды әзірлеп, бизнес-жоспардың соңғы нұсқасын дайындау үстінде.
Жобалар жүзеге асқан жағдайда жаңа жұмыс орындары құрылып, импорттық тәуелділік төмендеп, өңірдің экономикалық дамуына оң әсер етеді. Инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнату – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі болып қала береді.
Көп оқылғандар
Түркістан қаласының көркіне көрік қосқан муралдардың суреттері
АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДА «ОТБАСЫ БАНКТІҢ» ЖАҢА КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өңір кәсіпкерлеріне арналған семинар өтті
ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жекеменшік балабақшаларды ОБО жүйесіне мәжбүрлі қосу: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мәселені көтерді