Шымкент "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті
Шымкент "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті
01.07.2021 11:39
131
0


         Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа өтті.

         2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Мәліметтерге сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент , Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. «Сары» аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау, Павлодар облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары. Айта кетейік, 30 маусымдағы жағдай бойынша, Шымкент қаласы «сары» аймақта болатын. Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 103жағдай тіркелді.

0 пікір