ШЫМКЕНТ: «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ КҮНІ» ӨТЕДІ
ШЫМКЕНТ: «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ КҮНІ» ӨТЕДІ
17.03.2022 10:52
93
0
Бүгін 17 наурыз күні «Арбат» демалыс аймағында “Наурыз Шымқалада” мерекелік іс-шарасы аясында «Ғасырлар тоғысындағы көрме» көшпелі көрмесі өтеді.
Көрменің мақсаты - қаланың тарихи жәдігерлері мен көне дүниелерін қала тұрғындарына кеңінен насихаттау болып табылады.
Демалыс орталығында:
⚜️ Қалалық музейлер мен кітапханалардың ашық аспан астындағы тарихи-мәдени көрмелері;
⚜️ Қала кітапханаларының көне кітаптар көрмесі;
⚜️ Қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің көрмесі;
⚜️ Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығының «Тарихтан тағылым» ұлттық көрмесі;
⚜️ Дінмұхамед Қонаев мұражайының Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Ғасырдың дара перзенті» атты көрмесі;
⚜️ Мотивациялық кітаптар көрмесі;
⚜️ Ретро көліктер көрмесі;
⚜️ «Шымқала – балалар көзімен» фотосуреттер көрмесі;
⚜️ Жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларынан зергерлік бұйымдар көрмесі;
⚜️ Ретро радио бұйымдарының көрмелері қойылатын болады.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары сіздерді бүгінгі сағат 10:00-де өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз!
0 пікір