Шымкентте 20-дан астам ​жүкті әйел коронавирустан емделіп жатыр
Шымкентте 20-дан астам ​жүкті әйел коронавирустан емделіп жатыр
17.01.2022 16:29
91
0

Оның жетеуі босанған әйел.

Шымкент қалалық №2 аурухананың COVID орталығында коронавирус жұқтырған 22 әйел емделіп жатыр.

Оның жетеуі босанған әйел. Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды.

— Аурухананың COVID орталығы 100 орынға бейімделген. Бүгінде 22 әйел ем қабылдап жатыр. Оның 7-еуі босанған, 15-і жүктіліктің түрлі мерзіміндегі әйелдер. Науқастардың денсаулығы орташа-қалыпты. Емдеу уақыты науқастың жағдайына қарай 5-12 күнге дейін созылуы мүмкін,- дейді Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиев.



0 пікір