ШЫМКЕНТТЕ 343 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
ШЫМКЕНТТЕ 343 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17.01.2022 13:21
68
0
Шымкентте 16 қаңтар күні КВИ-дің 343 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 221, белгілері жоқ – 122). 73 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 270 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 35%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 279 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 36 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 150 адам вакцина алды
(I компонент- 2, II компонент- 148). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 553 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 579 278 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 22 229 адам, II компонентін 10 181 адам қабылдады.
50 021 адам ревакцинацияланды.
Қалада эпидахуалдың күрделенуіне орай карантин талаптарын қатаң сақтауға, қарапайым сақтық шараларын естен шығармауға шақырамыз!
0 пікір