Шымкентте 422 шақырым жол жөнделді
Шымкентте 422 шақырым жол жөнделді
26.01.2022 13:21
103
0

Жағдайы қанағаттанарлық жолдардың үлесі екі жылда 57,4 пайыздан 63,6 пайызға артты. Соңғы екі жылда Шымкентте 422 шақырым жол жөнделді.

Ал 2015-2019 жылдар аралығында 382 шақырым жол жөнделген болатын. Осылайша соңғы жол жөндеу бойынша екі жылда атқарылған жұмыс көлемі 5 жылда істелген жұмыс көлемінен асып отыр.

Жағдайы қанағаттанарлық жолдардың үлесі екі жылда 57,4 пайыздан 63,6 пайызға артты. Сонымен бірге 327,6 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді.

2025 жылға дейін жоспар бойынша қаладағы 3470 көшенің 90 пайызына асфальт төселеді деп күтілуде. Миллионнан аса тұрғыны бар мегаполистерге тән Шымкент қаласында көлік саны жылдан жылға артып, көлік кептелісі қалыпты жағдайға айналды. Осыған байланысты жолайырықтар салу ісі қолға алынды. 2021 жылы Шымкенттегі алғашқы жолайырық Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында салынды.

Ал 2022 жылы Бәйдібек би және Арғынбеков даңғылдарының қиылысынан жолайырық құрылысы басталды. Алдағы жылдары Бәйдібек би және Назарбеков, Бәйдібек би және Төлеметов, Сайрам және Жібек жолы көшелерінің қиылыстарынан жолайырықтар салу жоспарланған. Сонымен бірге Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автожолын қайта құру, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдарының құрылысы аяқталатын болады.


0 пікір