ШЫМКЕНТТЕ 48 АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
ШЫМКЕНТТЕ 48 АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
31.10.2022 23:43
38
0
Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаты бойынша 48 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде толық емес отбасылар,көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер бар.
Айта кету керек, Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы », «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.
Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар сондай ақ Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.
Айта кетейік, тұрғын үй сертификатын алушылар санатына жататындар:
- мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- толық емес отбасылар.
- Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022 жылға - 36 018 теңге) соңғы 6 ай ішінде орташа табысы (111 656 теңге) аспауы тиіс (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).

0 пікір