Шымкентте 80-ге жуық тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді
Шымкентте 80-ге жуық тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді
31.10.2022 23:41
48
0

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, деп хабарлайды dabylinfo.kz ақпараттық агенттігі. Жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды. Күнделікті маршруттарға 876 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Еске сала кетейік, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін "I-Kolik" мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңға жуық. Қаладағы I-kolik мобильді қосымшасымен 100 пайыз қоғамдық көлік қамтылған.

Сонымен қатар, жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станцияның салу үшін жер учаске бөлінді, инвестор анықталып, құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық төлем жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің артықшылығы - төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қоса, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға таптырмас құрал болып саналады. Қазіргі таңда, сатылған көлік карталар саны 230 мыңнан асады, қосымша сатылымда 70 мың карта бар. Қаламызда өтінімдерді қабылдау және көлік карталарын беру бойынша 2 офис жұмыс істейді. Күнделікті транзакциялар саны 350 мыңды құрап отыр, оның ішінде транзакциялардың 85% -ы көлік карталарымен төленеді.


0 пікір