ШЫМКЕНТТЕ ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫНА ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАЛДЫ

2025 жылғы 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласының әкімдігі маңында атыс болып, қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шенеунік үш рет оқ ату нәтижесінде жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда ол ота үстелінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп отыр.
Айта кетейік, Руслан Арысбекұлы Берденов биылғы ақпан айынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Мәжіліс депутаты болған. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Қалалық полиция департаменті мен прокуратура өкілдері оқиға орнына барып, мән-жайды анықтауда.