2025 жылдың 24 қаңтарында Шымкент қаласында “Байтақ” жасылдар партиясының Шымкент филиалының кезекті IV конференциясы өтті. Бұл шараға қонақ ретінде Назипа Дарханбайқызы шақырылып, бұқаралық ақпарат құралының өкілі ретінде қатысты. Конференция барысында ол экологияны жақсарту, жасыл экономикаға көшу және ESG қағидаттарын енгізу бойынша маңызды ақпараттармен танысты.
Жиынға партия төрағасы Азаматхан Амиртай, партия мүшелері, сарапшылар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Конференцияның күн тәртібінде экологиялық проблемаларды шешу жолдары, жасыл экономикаға көшу стратегиялары және ESG қағидаттарын енгізу мәселелері қарастырылды.
Партия төрағасы Азаматхан Амиртай өз баяндамасында экологияны жақсарту бағытында нақты шешімдер ұсынып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Шараның маңызды нәтижесі – Шымкент филиалының жаңа төрағасын сайлау болды. Бұл қызметке Ордабеков Алтай Еркебекұлы тағайындалды. Сонымен қатар, филиалдың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, бақылау-есептеу комиссиясының есептері тыңдалды.
Конференцияға қатысушылар жасыл экономика құру және экологияны жақсарту жолында күш біріктіруге дайын екендіктерін білдіріп, бірлескен жұмыстарына сәттілік тіледі.