ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
01.06.2024 13:49
24
0

Әрбір ата-ана үшін баланың денсаулығы әрдайым бірінші орында. Баланың қоршаған ортасы, дұрыс тамақтануы, таза ауада серуендеуі, балабақшада балалармен араласуы осының барлығы баланың өсуіне, қалыптасуына және денсаулық жағдайына әсер етеді.  Қысқы уақытта ауа температурасының төмендеуіне байланысты балалар арасыдағы аурушаңдық көлемі көбеюде.  Кейбір аурулар ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Бұл қажеттілік кез келген жастағы науқастарда туындауы мүмкін. Баланың ауруханада болуы бірқатар мәселелермен байланысты. Шынында да, балалар үшін аурухана қорқынышты және бейтаныс орын болып табылады, онда олар бірнеше күн, тіпті апталап тұруға тура келеді. Ауруханада балаға қандай күтім жасау керек екенін анықтауға тырысайық, сіздің ұрпақтарыңыздың тез сауығуы үшін қандай жағдайлар жасау керек. Ата-ана ретінде өзін қалай ұстау керек және қандай жағдайда да не істеуге болмайды.

“Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық аурухана базасында "Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару" ресурстық орталығы ашылды. Шаһарда алғаш рет қолға алынған оқыту-әдістемелік орталықтың ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасаны Сәрсен Құранбек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қатысты.

Мерекеге орай ашылып, жұмысын бастаған орталықта медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ балалармен стационарлық емделіп жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңес беру жүргізіледі. Орталық оқу-әдістемелік материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қала әкімінің орынбасары ендігі ретте мамандардың біліктілігін арттыру, оқыту нәтижесіне талдау жүргізу маңызды екенін атап өтті.

-Бағдарлама балалардағы ең маңызды ауруларды (диарея, пневмония, тамақтанудың бұзылуы, анемия, төмен салмақ, тамақ-құлақ проблемалары) біріктіре, ықпалдастыра отырып емдеу, тез әрекет ету, сондай-ақ, балаға қауіпсіз даму ортасын қалыптастыру, иммундау және күтім жасау нұсқамаларын қамтиды.

Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару өлім, ауру және мүгедектік жағдайларын азайту және бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға ықпал етеді. Оқыту нәтижесіне мониторинг жасалады, - дейді аурухананың бас дәрігері Динара Жұмаділова.

Көпшілік жаңадан ашылған орталықтың мүмкіндіктерімен танысып, жұмыс барысын аралап көрді.

0 пікір