
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен Полиция департаментінің бірлесуімен алты медициналық мекемеде полиция бекеттері ашылды. Олар: №1 клиникалық аурухана, №2 және №3 қалалық ауруханалар, Перинаталдық орталық, Қалалық перзентхана және Балалар ауруханасы.
Бұл қадам оқиғаларға жедел әрекет етуге, шиеленістердің алдын алуға және медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Шара медицина қызметкерлеріне шабуыл фактілерінің көбеюіне байланысты қабылданды. Мемлекет басшысы қызметтік міндетін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.
Сондай-ақ, «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы», «Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы» және «Хадиша» емханасында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасы полицияға медициналық мекемелердегі тәртіпті бақылауға алу жөнінде хат жолдады.