ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ТАРИХИ ОРЫНДАР ТАЗАРТЫЛДЫ
ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ТАРИХИ ОРЫНДАР ТАЗАРТЫЛДЫ
19.04.2024 13:45
28
0


Мемлекет басшысының тапсырымасының аясында Шымкентте “Таза Қазақстан” акциясының 2-ші аптасы өтуде. Аталмыш шара бұл жетілікте “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының "Киелі мекен" апталығы аясында Шымкент қаласындағы тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер аумағы тазартылды.
Аталмыш акцияға Шым қаланың 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Осы ретте «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің маңын абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесі мен Еңбекші ауданында орналасқан «Т.Рысқұлов» гүлзарын қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтады.
Сонымен қатар, екінші аптаға асқан игілікті іс-шараға қала аумағында орналасқан Әл-Фараби ауданында орналасқан «Д.Қонаев» және «Ә.Молдағұлова» ескерткіштері аумағында, Абай ауданына қарасты «Темірші әулие» кесенесі мен Тұран ауданындағы Тілеу Айтұлы батыр ескерткішінің айналасындағы шөптерді орып, ағаштарды ретке келтірді. Орындықтарды сырлап, ирригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға қатысушылар «оларды таза ұстау – ата-баба мұрасын сақтауға елеулі үлес қосу» дейді. «Киелі мекен» апталығы Шымкент қаласындағы тарихи жәдігерлерімізді түгендеуге де сеп болды. Бүгінде тарих мамандары таңбалы тастағы бейнелер Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне тараған қола дәуірі мәдениетінің бөлшегі екендігін растап отыр.
Одан бөлек қазіргі уақытта қала аумағында орналасқан саябақ, сквер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылды.
Қаланы таза ұстау – өз қолымызда сондықтан қала тазалығын сақтау – барлық мегаполис тұрғынының парызы. Жұмыр жерді мекендейтін сан мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-Анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ шығар. Сондықтан барша азаматтар және қала тұрғындарын қоршаған ортаны ластауға жол бермей, экологиямызды таза ұстау үшін «Таза Қазақстан» республикалық акцияға белсенді қатысып қаламыздың тазалығын сақтауға шақырамыз.
Айта кетейік, Жалпы, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» деп аталады. Апталықта көшет отырғызу, ағаштарды әктеу іс-шаралары қолға алынатын болады. Осыған сәйкес, Шымкент қаласы мен барлық аудандарда тазалық жұмыстары апта бойы жүргізіледі.

0 пікір