ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
30.06.2025 18:43
15
0

Шымкент қалалық Достық үйінің ғимаратында «Этномедиация: Этносаралық келісім мен татулықтың жолы» тақырыбында мастер класс өтті. 

Медиация апталығы – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған, ел ішінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды жоба. Аталған апталық қалалық ҚХА жанындағы этномедиация кеңесі мен қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бірлесіп, ұйытқы болуымен қолға алында.   

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі этномедиация саласының дамуына назар аударып, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация саласындағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуді жүктеді.  

Аталған тапсырма негізінде 23-27 маусым аралығы медиация апталығы болып бекітілді. Қолға алынған медиация апталығында – қоғамда орын алған дау-дамайларды сотқа дейін шешіп, тараптарды ортақ келісімге келтіру жайы дәріптеледі әрі медиация әлеуетін жұртшылыққа түсіндіруді көздейді.  

Іс-шара аясында Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Еркен Отарбаев, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы этно медиация кеңесінің төрайымы Дана Кенжеқұлова сөз сөйледі.

Жиында дауларды соттардың араласуынсыз тиімді шешудің жолдары, медиацияның құқықтық тетіктері мен қоғамдағы рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтудағы маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұматтар ұсынылады. 

Сонымен қатар, заңгер мен эксперт-блогерлерге, ипотекалық брокерлерге тегін мастер класс «этномедиация татулық пен келісім құралы» жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent

0 пікір