ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
06.07.2024 13:20
45
0

Қазақстанның логистика жүйесі күрделілігімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда өнеркәсіп орындары алыс қашықтықтағы қолданушыларды тауарлармен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмай келеді. Сол себептен де осы логистика мәселесін шешетін компаниялар: тасымал, өнімді қысқа мерзімде жеткізу, заттың сапасын жоғары дәрежеде сақтап, ешқандай зақымсыз, көзделген жерге жеткізу секілді міндеттемелерді орындауы қажет. Мұндай мәселелерді реттеу үшін жоғары дәрежелі мамандар дайындап, ішкі нарықтың коммуникациялық байланыс түрлерін бір жолға қою керек. Осыған орай, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының мәслихат депутаттарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысы Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды іске асыруға жолындағы міндеттер, қаланың дамуына тигізетін Сенаттың ықпалы және          Палата мен мәслихаттардың бірлескен жұмысының жаңа форматы талқыланды. Іс-шарада Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде Әділетті Қазақстан құру, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолында кешенді реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы белгіленген міндеттерді орындау барлық мүдделі тараптың белсенді әрі жүйелі өзара іс-қимылын талап етеді. Сондай-ақ аталған салада жұмыстың жаңа форматы қажет.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық және саяси салада үлкен өзгерістер болды. Билік тармақтарының арасындағы теңгерімділік күшейіп, саяси бәсекелестік артты. Сондай-ақ мемлекеттік институттар кешенді түрде жаңғыртылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда ел экономикасының жаңа үлгісін қалыптастыру үшін дәйекті жұмыстар жүргізіліп келеді. Мұндай нақты қадамдар азаматтардың әл-ауқатын арттырып, өңірлердің дамуына тың серпін береді деп сенеміз», – деді Сенат Спикері.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Парламенттің сегізінші шақырылымының екінші сессиясын қорытындылай келе, Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысының маңызды басымдықтарына тоқталды. Сонымен бірге Палата Спикері заң шығару қызметіне мәслихат депутаттары, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері белсенді жұмылдырылғанын тілге тиек етті. Сенат Төрағасының айтуынша, жергілікті өкілді органдардың ұсыныстары мен бастамалары өңірлерді дамытуға қатысты мәселелерді шешу кезінде маңызды рөл атқаруға тиіс.

0 пікір