ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ
ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ
17.03.2022 10:50
97
0
Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен 19 наурыз күні жалпықалалық сенбілік өтеді. Сенбілікте мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары аулалар мен көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Қала көшелерінің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда сенбіліктің маңызы зор. Жалпықалалық сенбілікке барша қала тұрғындарынан белсенділік танытуды сұраймыз.
Аулалар мен іргелес аумақтарға шығып, ағаш отырғызу, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге және қоқыстарды арнайы орындарға шығаруға шақырамыз.
Қаламызды бірге таза, жасыл және әдемі етейік!
0 пікір