Шымкентте жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында кездесу өтті
Шымкентте жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында кездесу өтті
17.09.2022 23:19
22
0

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Оңтүстік» тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында кездесу өтті, деп хабарлайды dabylinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған кездесуге Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Д.Амангелдиев пен қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н.Әбдікәрім қатысты. Жиында аталған аумақта жергілікті тұрғындарға, жастар өкілдеріне қоғамдық келісімді сақтау, этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын нығайту, құқықтық тәрбие мен жастар арасында әскери міндеттілікті өтеу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, кездесуде басқосқандар тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жеткенін атап өтті. Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жетті. Бұл-егемен еліміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығына айналған. Ал ішкі саяси тұрақтылық — әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі.

«Бұл-егемен еліміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазыққа айналған. Ал ішкі саяси тұрақтылық — әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі», — деп тарқасты жиынға қатысушылар. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарып жатыр. Ал, олардың жанында 21 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

0 пікір