ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
24.04.2024 07:46
48
0

Қай жағынан болмасын тұлғаның өзіндік көріктеніп қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз. Осы тұрғыдан қала тазалығын өз деңгейінде ұстауға ат салысу барша адамзаттың міндеті. "Тазалық – денсаулық кепілі” деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды. Осы орайда елімізде жүргізіліп жатқан тазалық айлығын сөзсіз қолдаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Абай ауданында жасыл желектерді баптау, шөп ору, тал егу сынды тазалық жұмыстарымен басталды. Экологиялық іс-шараға аудан аумағындағы тұрғындар, 70 кәсіпкерлік, 60 әлеуметтік нысан қатысты.

—«Бір тал кессең, он тал ек» демекші, қаламыздың көркеюіне біз де өз үлесімізді қоссақ деген ниетпен бүгін тал егіп жатырмыз.Бұл тазалық акциясы өзіміз өмір сүретін ортаны жай ғана жинап-тазалау емес, тұрғындарды өз қаласын таза ұстауға шақыру деп білемін. Сондықтан бәріміз де белсенділік танытуымыз қажет, — деді қалалық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Сәбит Мұқанов.
Аталмыш іс-шара барысында Шымсити, Асар, Тұрлан шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және Темірлан тас жолы, Барыс базары, әуежай аумағы мен Ақмешіт аумактарындағы шөптерді орып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шымкентте «Жасыл аймақ» апталығының бірінші күнінде, елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қызметкерлердің күшімен, 15 техника жұмылдырылып, 20 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, Шымсити шағынауданында орналасқан Конгресс хол аумағына мәдениет саласының қызметкерлері әкімдікпен бірлесе 100-ден аса көшет отырғызды.
Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығына орай өңірде көркейту-көгалдандыру бағытында шаралар кент орталығынан бөлек барлық елді мекендерде жалғасуда.

0 пікір