ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
06.09.2024 15:18
31
0

 Шымкент жаңа өркениет биігінде қарыштап дамуы үшін ең алдымен жол инфрақұрылымын дамыту мақсаты тұр. Бұл салаға үлкен жауапкершілік жүктелген. Шымкент қаласы үшін ең маңызды мәселенің бірі - жол сапасы мен көшедегі көлік қозғалысын реттеу. Шымкент қаласының көше-жол желісін дамытуға, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау және және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бүгінгі күні жаңа жолдардың құрылысы, реконструкция, күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, бағдаршам орнату, жол белгілерін орнату, жол жолақтарын сызу, аялдама орнату, ITS бағдарламасын енгізу бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін аудандар кесіндісінде бұрынғы шағалтасты 133 км жолымыз асфальтбетонды қабатқа айналатын болады.

            Атап айтар болсақ: Жаңа жолдардың құрылысымен 10 нысан немесе 29,4 км жол құрылысы жоспарланып, ағымдағы жылы 6 нысан немесе 21,8 км жолды пайдалануға беру жоспарланған. (Қонаев даңғылы 2,6, кезеңдері, Қызылсай кірме жолы, Өтегенов көшесі 1,2 кезеңдері, Оңтүстік айналма жолы). Жолдарды реконструкциялаумен 6 нысан немесе 24,9 км жолдарды реконструкциялау жоспарланып, ағымдағы жылы 2 нысан немесе 3,7 км жолды пайдалануға беру жоспарланған. (А2, 4 және 8 кезеңдері). Жолдарды күрделі жөндеумен 2 нысан 17 км жоспарланып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Юсупов,Тамшыбұлақ, Ізенді, Жаңа қоныс және Ю. Сареми көшелері). Жолдарды орташа жөндеумен 345 көше немесе 235,6 км жолдарды жөндеу жоспарланып, бүгінгі күні 185 көше немесе 123,3 км жолдарға жөндеу жқмыстары жүрізілуде, қалған 160 көше немесе 112,3 км жолға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жыл қорытындысымен 215 көше немесе 137 км жолдарға асфальтбетон қабаты төселіп пайдалануға беріледі. 2024 жылдың қорытындысымен аудандар кесіндісінде бұрынғы шағалтасты 133 км жолымыз асфальтбетонды қабатқа айналатын болады. Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарымен қала көшелерінің асфальтбетон жамылғысының 450 мың м2 шұңқырларын жамау жоспарланып, 275 мың м2 шұңқырлары жамалды. Шұңқырларды жамау жұмыстары 2023 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп.

Сондай ақ тұрғындардың сұраныстарына сәйкес, тез арада жағдай жасау мақсатында бұрын асфальтбетон қабаты болмаған 81 көшеге немесе 30 км көшеге асфальтбетон қабатын салу жоспарланып, бүгінгі күні 36 көшеге асфальт қабаты төселінді. Бұл өз кезегінде 1 жылдық уақытты және 500 млн. тенге қаражатты үнемдеуді берді. Тозығы жеткен 11 орталық көшенің асфальтбетон қабаты жаңартылды. (Түркістан, Төреқұлов, Әйтеке би, Ақпан батыр, Серпін, Әмір Темір, Гүлдер ай, Сайрам,Шаймерденов көшелері және Әл-Фараби алаңы мен А2 айналма жолы-Республика қиылысы). Әл-Фараби алаңының жол жамылғысының тозығы жеткендігінен жыл сайын шұңқырлардың және жарықшалардың пайда болу әсерінен жамау жұмыстарын әр жылы жүргізу бюджетке тиімсіз болды. Жол жолақтарын жаңартуда ескі асфальтбетон қабатына жанаспауы әсерінен және аталған алаңға соңғы жөндеу жұмыстары 2009 жылы жүргізілгендігін, яғни аралық жөндеу мерзімінің өтіп кеткендігін және де жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ескеріп, ағымдағы жылы жол жамылғысына жаңарту жұмыстары жүргізілді.

0 пікір