Шымкентте карантин уақыты тағы ұзарды
Шымкентте карантин уақыты тағы ұзарды
14.09.2020 13:03
165
0

    Шымкент қаласы аумағында карантин уақыты 2020 жылғы 28 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды.

    Бұл туралы Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған. «Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын»,-делінген қаулыда.

    Өзгеріс енгізілген Қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктер жексенбі күні ғана жұмысын тоқтатады. Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Дереккөз: ERNUR.KZ

0 пікір