ШЫМКЕНТТЕ КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ 15100 БЕН 15300 ТЕҢГЕ АРАЛЫҒЫНДА
ШЫМКЕНТТЕ КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ 15100 БЕН 15300 ТЕҢГЕ АРАЛЫҒЫНДА
04.11.2022 13:23
48
0
Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіхалықов брифингте айтты.
«Шымкентте бір тонна көмірдің бағасы 15100 БЕН 15300 теңге аралығында. Бүгінгі күнге көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арыз-шағым түскен жоқ. Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласына 154,0 мың тонна көмір тасымалданған (2132 вагон). Көмір тасымалдаушы мекемелердің қоймасында 9,0 мың тоннадан астам көмір бар. Қалаға күнделікті 207-345 тонна (3-5 вагон) көмір келуде», - деді басқарма басшысының орынбасары.
Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 72 мың тонна.
Атап айтқанда:
• Бюджеттік мекемелерге (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту - 4,7 мың тонна) және дербес қазандықтарға («Қуатжылуорталық-3» МКК 1,1 мың тонна ) қажетті 5,8 мың тонна, толық қамтамасыз етілген (100%);
• Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66,1 мың тонна, жылу беру маусымына дейін көмір отынымен қамтамасыз етілуі бойынша тұрғын арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласы бойынша ұсынылған өңірлік көмір операторларының тізбесі келесідей: ЖК «Пернебаев», «Азамат Мунай» ЖШС, ЖК «AVZ - NRADE», ЖК «Куралбаев», ЖК «Arganat», «Алтынколь Терминал» ЖШС, ЖК «Қошжанов», «Vip-M» ЖШС, «РеалТранс-К» ЖШС.
Айта кетейік, «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты он бес қазандықтар мен он жеті сорғы станциялар бірқалыпты жұмыс атқарып, жылу өндіруде. Екі дана дербес қазандықтарға қажетті 1,1 мың тонна көмір қамтамасыз етілген.
Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін жылу маусымында орын алған ақаулықтарды оперативті түрде жөндеу үшін өтінімдерді қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет 24/7 форматта (телефон номерлері БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланған: 44-81-89, 44-82-37) және бірыңғай «I-Komek-109» орталығы да 24/7 форматында жұмыс жасауда.
0 пікір