Шымкентте көпбалалы аналарға арналған SMM курсы ашылды
Шымкентте көпбалалы аналарға арналған SMM курсы ашылды
02.07.2021 12:35
109
0

           Курс 1 ай мерзімге созылады, аптасына екі рет өткізіледі. Шымкент қаласында көпбалалы аналарға арналған SMM курсы ашылды. 

          Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табу жолдарын үйрету үшін түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар беріп жүр. Осы орайда орталықта көпбалалы аналарға арналған SMM курсы ашылды. «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау қоғамдық бірлестігінің басшысы Сабира Байзахова «Инфобизнес саласы және SMM жүргізу» атты курс жүргізеді. Курс 1 ай мерзімге созылады, аптасына екі рет өткізіледі. Алғашқы сабақ ағымдағы жылғы 2 шілдеде, сағат 11.00-де өтеді. Айта кетейік SMM саласын меңгерген адам әлеуметтік желілер арқылы үйде отырып, табыс таба алады.

 

0 пікір